2025 жылғы 1 наурыздан бастап Өскемен қаласының балабақшалары ваучерлік қаржыланжыруға көшіріледі
Балаңызды балабақшаға тіркеп, ваучер алу үшін алдымен кезекке тұру қажет. Ол үшін balabaqsha сайты арқылы өтініш беріп, қажетті құжаттарды (жеңілдік бар болса) қоса тіркеу керек. Жүйе мәліметтерді автоматты түрде тексеріп, қалалық білім бөліміне жібереді. Онда құжаттардың дұрыс толтырылғаны қаралып, расталады.
Егер жеңілдік алу құжаттары расталмаса, бұл кезекке тұруға кедергі болмайды, бірақ өтініштің статусы өзгеруі мүмкін. Барлық деректер дұрыс болса, балаға категория беріліп, ресми түрде кезекке қойылады.
Кезек келесі жағдайларда жүзеге аспайды:
- бала осы немесе басқа өңірде кезекте тұрса;
- мемлекеттік немесе мемлекеттік тапсырыспен жұмыс істейтін жекеменшік балабақшаға барып жүрсе;
- уақытша немесе тұрақты тіркеуі болмаса.