Қазіргі қоғамда өсіп келе жатқан ұрпақты тәрбиелеу – отбасы мен білім беру ұйымдарының ортақ жауапкершілігіне айналған маңызды мәселе. Осы орайда, 14 мамыр күні ШҚО Білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің №20 «Нұршуақ» балабақша-бөбекжайында "Отбасы мен балабақша арасындағы өзара ынтымақтастықты «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында жүзеге асыра отырып, баланың ұлттық құндылықтар негізінде дамуына ықпал ету" атты қалалық семинар өткізілді.
Іс-шараның басты мақсаты – "Біртұтас тәрбие" бағдарламасы негізінде баланың ұлттық құндылықтар арқылы жан-жақты дамуына, рухани-адамгершілік қасиеттерінің қалыптасуына және ұлттық сана-сезімінің артуына жағдай жасау.
Семинарға ШҚО Өскемен қаласы білім бөлімінің әдіскері және мобильді топ жетекшісі Тоғжан Қуатқызы, мобильді топ мүшелері: №5 «Арай» балабақша-бөбекжайының директоры Аубакирова В.А., №13 «Дария» балабақша-бөбекжайының директоры Баккелдиева А.Б., №14 мектеп-балабақшасының директоры Тусупова Д.М., №9 «Арман» балабақша-бөбекжайының директоры Тикенова А.С., №102 балабақша-бөбекжайының директоры Ильдебаева И.М., сондай-ақ әдіскерлер, тәрбиешілер және педагогтер қатысты.
Семинар аясында ата-аналармен бірлесе отырып, балаларға ұлттық құндылықтардың түрлі үлгілері таныстырылып, қолөнер арқылы үйретілді. Көптен ұмыт болған шеберлік істер: ши тоқу, қамшы өру, кілемше мен құрақ құрау, жүн басып сырмақ жасау, ағаштан «Науа» жасау сынды жұмыстар балалардың қатысуымен жүзеге асты.
Сонымен қатар, ұлттық ойындар – "Бестемше", "Асық", тұрмыстық дәстүрлер – диірмен тартып қоспа әзірлеу, ақтаңдай дән құрт, бауырсақ жасау сияқты игі дәстүрлер кеңінен насихатталды.
Іс-шара барысында қолөнер көрмесі ұйымдастырылып, педагогтардың іс-тәжірибесінен шеберлік сағаттары өткізілді. Ұмыт қалған ұлттық ойындарды жаңғырту, қайта жандандыру мақсатында бірнеше танымдық ойындар ұсынылды.
Семинар шеңберінде "Ұлттық құндылықтар әлемі" атты бұрыштың салтанатты ашылуы өтті. Бұл бұрышта заманауи талаптарға сай штрихкод жүйесі енгізіліп, балаларға ойындар ойнап, түрлі әрекеттер жасауға мүмкіндік берілді.
Семинар соңында ұлттық тәрбиені ұлықтауға үлес қосқан өнегелі отбасылардың ата-аналары марапатталды.

«Балабақшада STEAM технологиясын енгізудің тиімді жолдары» атты №2 педагогикалық кеңес өтті.
Соған байланысты педагогтар оқыту мен тәрбиелеу үдерісінде қолданыс тауып, нәтиже көрсетіп жүрген заманауи, озық STEAM технологияларын қолдану жолдары туралы айтты.
Кеңес барысында:
1. STEAM технологиясын қолдану арқылы балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту.(Шаймурат Харлығаш, Закерия Айнұр)
2. STEAM технологиясын енгізудің тиімді жолдарын көрсету. (Кемелхан Майгуль)
3. Балабақшада STEAM технологиясын қолдану маңыздылығы. (Дуанбаева Жадыра Ермекқызы)
тақырыптарында баяндама оқылды.
Мекеме басшысы Смагулова Жанна Есмухаметовна STEAM технологиясын қолданудың тиімділігі туралы айтып өтті.
Жобаларды таңдап алу, жобалар алаңын құру, STEAM технологиясын ойын арқылы жүзеге асыру, эксперимент жасау, құрастыру бұрышы, технология бұрышы, шығармашылық бұрышы, «Өсімдіктер өсіреміз», интерактивті тапсырмалар, QR-кодтар мен ойындар және тағы басқалары арқылы балаларды ізденіске баулып, олардың қиялын, сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін жетілдіріп, кішкентай ғалымдардың негізін қалауға шақырды.
№2 педагогикалық кеңестің шешімімен таныстырылды.
#біртұтас_тәрбие #балабақша #педкеңес2026
«Ерекше білім беруді қажет ететін балалармен жұмыс» тақырыбында бақшаішілік семинар өтті.
Семинарға логопед, дефектолог, психолог және педагог-ассистенттер қатысып, ерекше білім беруді қажет ететін балалармен жұмыс жасаудың тиімді әдіс-тәсілдерімен бөлісті.
Семинардың мақсаты – инклюзивті білім беру жағдайында балалардың жеке даму ерекшеліктерін ескере отырып, мамандардың бірлескен жұмысын жүйелеу және тәжірибе алмасу.
Іс-шара барысында түзете-дамыту жұмыстары, қолдау көрсету жолдары, практикалық ұсыныстар мен кәсіби тәжірибелер талқыланды. Семинар мазмұны педагогтердің кәсіби біліктілігін арттыруға бағытталды.
Семинар қатысушылар үшін қызықты әрі ерекше тәжірибе беріп, көп жаңа идеялар мен пайдалы ұсыныстарға жол ашты. ?
#біртұтас_тәрбие #балабақша #бақшаішілік_семинар #инклюзивті_білім #ерекшебалалар #педагогтер