жаңалықтар
Ата -аналар жиналысы
ШҚО бiлiм басқармасы бойынша білім бөлімінің "№20 "Нұршуақ" балабақша- бөбекжайы" КМҚК 2023-2024 оқу жылының басында әр топтар арасында
ата -аналар жиналысы өткізілді.
Мақсаты: Бала тәрбиесіндегі балабақша мен отбасы ынтымақтастығын нығайту.Балабақша өмiрiмен таныстыру.Балалардың мiнез - құлқы, бейiмi қызығушылығы мүмкіншіліктерін тереңірек зерттеу.
Ата -ана бала, тәрбиеші үштігi арасында өзара сенім мен сыйластық орнауына ықпал ету.
Күн тәртібінде
1) Ата -аналарға 2023-2024 оқу жылы үлгілік бағдарламасының жүктемесі таныстырылды.
2) Балалардың психологиялық және функционалдық ерекшеліктері туралы баяндама оқылды.
3) Балабақша басшысы Е.Ж.Смагулова ата- аналардың сұрақтарына жауап берді.
4) Ата -аналармен жылулық шеңбері өткізілді.
5) Балабақшаның iшкi тәртiбi туралы айтылып, әртүрлі мәселелер қарастырылды.