"Қарлығаш" ересек тобында өрт қауіпсіздігі тақырыбында ұйымдастырылған іс-әрекет өткізілді. Іс-шара барысында балалар өрттің алдын алу жолдарымен танысып, қауіпсіздік ережелерін қайталады.
Өрт сөндірушілер туралы мәлімет беріліп, олардың қажырлы еңбегі, ерлігі мен батылдығы үлгі ретінде айтылды. Сонымен қатар, танымдық мультфильм көрсетіліп, өрт кезіндегі дұрыс іс-қимылдар оқу-жаттығу әрекеттері арқылы тәжірибелік түрде меңгерілді.
Топ тәрбиешісі Сәйдел Гүлнар балаларға төтенше жағдай кезіндегі сақтық шараларын түсіндіріп, қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға бағытталған жұмыс жүргізді.
#өртқауіпсіздігікүні #біртұтас_тәрбие #балабақша #қауіпсіздік