«Педагог және Заң»



2026 жылғы «Заң мен Тәртіп» идеологиясын ілгерілету аясында ШҚО білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің №20 «Нұршуақ» балабақша-бөбекжайында мектепке дейінгі ұйым педагогтері арасында «Педагог және Заң» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

Іс-шараның басты мақсаты – педагогтердің құқықтық сауаттылығын арттыру, кәсіби қызметте заң талаптарын сақтау мәдениетін қалыптастыру және құқық бұзушылықтың алдын алу.

Кездесу барысында педагогтердің құқықтары мен міндеттері, қызметтік тәртіп, кәсіби этика нормалары, балалардың құқықтарын қорғау, ата-аналармен қарым-қатынаста құқықтық мәдениетті сақтау мәселелері талқыланды. Сонымен қатар Қазақстан Республикасының «Педагог мәртебесі туралы» заңы талаптарына кеңінен тоқталып, педагог қызметіндегі жауапкершілік бағытында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Іс-шара интерактивті форматта өтті:
? құқықтық тақырыптағы презентация ұсынылды;
? жағдаяттық тапсырмалар талқыланды;
? нақты өмірлік мысалдар негізінде шешу жолдары қарастырылды;
? пікір алмасу ұйымдастырылып, құқықтық кеңестер берілді.

Педагогтер өзара тәжірибе алмасып, заң талаптарын сақтаудың маңыздылығын атап өтті.

Құқықтық мәдениет – сапалы білім мен қауіпсіз ортаның кепілі!

#ЗаңМенТәртіп2026 #ПедагогЖәнеЗаң #ҚұқықтықСауаттылық #ПедагогМәртебесі #БілімБерудегіТәртіп