ШҚО білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің №20 «Нұршуақ» балабақша-бөбекжайында «Балаларды жақсы көретін ата-аналар клубы» аясында кезекті іс-шарамыз өтті!
Бүгін ата-аналарымызбен бірге бала тәрбиесіне қатысты маңызды тақырыпты талқылап, тәжірибелік жұмыстар жүргіздік. Кездесу барысында тиімді қарым-қатынас орнату, баланың эмоциялық дамуын қолдау, сенімді байланыс қалыптастыру жолдары қарастырылды.
Ата-аналар белсенді қатысып, өз ойларымен бөлісіп, практикалық жаттығулар орындады. Мұндай жүйелі жұмыстар отбасы мен балабақша арасындағы ынтымақтастықты нығайтып, балаларымыздың жан-жақты дамуына оң әсерін тигізеді.
Бала тәрбиесі – ортақ жауапкершілік. Бірге әрекет етсек, нәтижеміз де жемісті болмақ! ?
#АтаАналарКлубы #БалаТәрбиесі #ПсихологиялықҚолдау #БіргеДамимыз