16 Наурыз – Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні құтты болсын!



16 Наурыз – Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні құтты болсын!

Бұл күн – халқымыздың ғасырлар бойы сақталып, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан салт-дәстүрлері мен мәдени құндылықтарын дәріптейтін ерекше мереке. Ұлттық дәстүрлер – халқымыздың рухани байлығы, тәрбиенің қайнар көзі. Осындай асыл мұраларды жас ұрпаққа танытып, олардың бойына ұлттық құндылықтарды сіңіру – баршамыздың ортақ міндетіміз.

Қазақ халқының ежелден келе жатқан әдемі дәстүрлерінің бірі – жарапазан айту. Бұл дәстүр адамдарды жақсылыққа, мейірім мен берекеге шақырып, ізгі тілектер мен ақ батаның таралуына себеп болады.

Осы игі дәстүрді дәріптеу мақсатында №20 «Нұршуақ» балабақша-бөбекжайының қызметкерлері жарапазан айтып, ұлттық құндылықтарымызды ұлықтады.

Баршаңызды 16 Наурыз – Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Әр шаңыраққа береке, бірлік, амандық пен молшылық тілейміз! ✨
#біртұтас_тәрбие #наурызнама #наурыз2026 #16наурызмәдениетжәнеұлттықсалтдәстүркүні